386,44 428,48 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда аулада тұрған көлікке ағаш құлады

  • 351
Петропавлда аулада тұрған көлікке ағаш құлады

Табиғаттың тосын мінезі солтүстікқазақстандықтарды әбігерге салды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Петропавлда қатты желдің салдарынан ағаш құлап, «Мерседес» автокөлігіне зақым келді. Оқыс оқиға шаһардағы үй аулаларының бірінде болған. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Жалпы төтенше жағдайлар қызметі мен синоптиктер маусым айының 4-нен 6-на дейін өңірде дабылды ескерту жариялады. Кей жерлерде бұршақ жауып, желдің жылдамдағы секундына 28 метрге дейін жетуі мүмкін деген болжам жасалып отыр. 

Юлия Малеева, қала тұрғыны:

– Ағаш құлар алдында балам дүкенге шығып кеткен еді. Көршім қоңырау шалып, жағдайды айтқанда аң-таң болып қалдым. Әрине енді көлікті жөндеуге қаражат қажет.

Галина Сидрова, ПИК төрайымы:

– Ескі ағаштарды оталаймыз дегенде, тұрғындардың көбі қарсы шығады. Салдарынан былтыр тек небәрі 22 ағашты ғана кестік. Қазір мына өсіп тұрған ағаштардың барлығы апатты, 30 жылдан асқан.

Хабар 24 телеарнасы