389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда анықтама алуға келген адам ХҚКО қызметкерін ұрып қашып кетті

  • 470
  • UPD: 17:53, 05.06.2019
Нұр-Сұлтанда анықтама алуға келген адам ХҚКО қызметкерін ұрып қашып кетті

Астанада анықтама алуға келген адам ХҚО қызметкерін соққыға жықты.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі хабарлайды.

«Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығының біріне мекенжай анықтамасын алмақшы болған ер адам жүгінді. ХҚО қызметкері қызмет алушының жеке басын сәйкестендіру барысында төлқұжаттағы фото мен келушінің келбеті ұқсамағандықтан жеке мәліметтері мен туған жылын айтып беруді сұрады. Алайда қойылған сауалдарға дұрыс жауап бере алмаған азамат дөрекілік көрсетіп, балағат сөздер айтып, ақыр соңында қызметкерге жұдырық ала жүгірді» делінген хабарламада. Бөлім жетекшісі полицияны шақырғанда қызмет алушы сыртқа шығып, қашып кеткен.

«Кейін белгілі болғандай, халыққа қызмет көрсету орталығында кезек күткен азаматшаның бірі күйеуінің төлқұжатымен анықтама алмақшы болған. Ол қасында отырған ер адамға күйеуінің атынан анықтама алып беруін сұраған. Туындаған жанжал барысында қызмет алмақшы болған әйел де ХҚО-дан шығып кеткен» делінген хабарламада.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкері полицияға шағым түсірді. ХҚО қызметкеріне жұдырық ала жүгірген ер адамға ішкі істер органдарының қызметкерлері іздеу жариялады.

inform.kz

Хабар 24 телеарнасы