389,60 428,03 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорданың жанармай бекетіндегі жарылыстың себебі аталды

  • 247
  • UPD: 21:30, 05.06.2019

Қызылордада жанармай бекетінде газ жарылды. Бұл туралы төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер мәлімдеді.

Оқыс оқиғадан 15 жастағы баланы күйік шалды. Дәрігерлер жәбірленушінің қолы мен беті күйгенін айтып отыр. Қазір ол ауруханада ем қабылдауда. Осы жайттан кейін комитет басшылығы жанармай бекеттерінде тұрмыстық газ баллондарын толтыруға қатаң тыйым салуды көздеп отыр.   

Владимир Беккер, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы:

-  Тұрмыстық газ баллондарын автогаз құятын бекеттерде толтыруға тыйым салынған. Осы талап сақталмағандықтан келеңсіз жағдайға тап болып отырмыз. Қазір автокөлікке газ балондарын орнату кең тарап келеді. Сондықтан бұл түйіткілді шешу мәселесін қарастыру қажет. 

Комитет төрағасы шомылу маусымы басталмай тұрып, елімізде 40 баланың суға батып кеткенін де айтты. Мерт болған ересектер де көп. Сондықтан мамандар қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға мән беру қажеттігін ескертіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы