382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорданың жанармай бекетінде газдан жарылыс болды

  • 104
  • UPD: 20:14, 05.06.2019
Қызылорданың жанармай бекетінде газдан жарылыс болды

Қызылорда қаласынан шығар жолдағы газ құю бекетінде жарылыс болды.

«ПАЗ» автобусына сұйытылған отын құю барысында газ бен ауа қоспасының араласуынан құбыр мен құты атылған. Салдарынан 15 жастағы жасөспірімнің денесінің 20 процентін күйік шалып, облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне түсті. 2 қол мен 2 аяқтың термиалық күйігі деген диагноз қойылған зардап шегушінің қазіргі жағдайы орташа қалыпты. Өміріне еш қауіп жоқ дейді мамандар. Бұдан бірер күн бұрын облыс орталығындағы жер үйлердің бірінде де газ жарылған еді. Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары газбен жүру аппаратын орнатқан көлік иелері мен жалпы тұрғындарға пеш қондырғыларын ұдайы техникалық тексеруден өткізіп тұруға кеңес береді.

Бекзат Кенжебаев, облыстық ТЖД бөлім басшысы:

- Газ құю бекетіне газ баллонын толтыруға барған ол бала. Сол жерден жарақат алған. Ары қарай құзыретті органдар өздерінің тексеру жұмыстарын жүргізеді. Жыл басынан бері облыс бойынша осындай 4 жағдай тіркелді.

Хабар 24 телеарнасы