382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да бірнеше үйді су алып кетті

  • 107
  • UPD: 13:34, 06.06.2019
ШҚО-да бірнеше үйді су алып кетті inform.kz

Шығыс Қазақстанда екі ауданда жаңбырдың салдарынан бірнеше үйді су алып кетті.

Бұл туралы ІІМ-де өткен баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Шығыс Қазақстан облысында 5 маусым күні сағат 15.45 кезінде жаңбырдан кейін екі ауданда алты аула аумағы мен төрт тұрғын үйді су алып кетті. Су деңгейі ол жерлерде 10 сантиметрге дейін жеткен», - деді Владимир Беккер.

Комитет төрағасы өз сөзінде Ұлан ауданындағы 4 аула аумағы мен 3 тұрғын үйге судың жайылып кеткенін мәлім етті. Сағат кешкі 19.30 кезіндегі жағдай бойынша ТЖД қызметі аталған аумақтардан суды толығымен кетірген. Зардап шеккендер немесе жарақат алғандар жоқ. 7 адам, оның ішінде 3 бала туыстарының үйінде жатыр.

Сол секілді Глубокое ауданының Белоусовка ауылында екі аула аумағы мен бір тұрғын үйге су жайылған. Алайда кешке дейін төтенше жағдайлар қызметі жағдайды реттеп, Гребенющенский өзенінің арнасы тазартылған. Зардап шеккендер немесе жарақат алғандар жоқ. 6 адам, оның ішіндегі 5 бала туған-туыстарының үйлеріне уақытша орналасты.

Хабар 24 телеарнасы