389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да трактор мен автокөлік соқтығысты

  • 399
  • UPD: 13:55, 06.06.2019
СҚО-да трактор мен автокөлік соқтығысты regnum.ru

Солтүстік Қазақстан облысында жүк тиегіш ауыр техника мен жол талғамайтын автокөлік соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға Мамлют ауданындағы Белое елді мекенінің жанында болған. Жол-көлік апатының фотосуреттері әлеуметтік желілерге тарап кетті. Одан жеңіл көлікке қатты зақым келгенін көруге болады. Автокөліктің жүргізушісі де, қасындағы төрт жолаушы да аман қалды.

«Lexus RX-330» автокөлігінің жүргізушісі жүк тиегіш тракторға соғылды. Апат салдарынан жүргізші мен оның жолаушылары түрлі жарақат алып, ауруханаға жатқызылды.

«Жол-көлік апатына қатысты «Автокөлік құралдарын басқаратын тұлғалардың жол ережелерін немесе көлік құралдарын пайдалануды бұзуы» қылмыстық бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - делінген СҚО ПД баспасөз қызметі берген ақпаратта.

Хабар 24 телеарнасы