389,38 430,50 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматылық әйел бір уақытта екі көліктің астына түсті

  • 497
  • UPD: 10:18, 07.06.2019
Алматылық әйел бір уақытта екі көліктің астына түсті sputniknews.kz

Әйелді бірінші көлік қаққан соң екінші көлік аяғын басып кетті.

Алматыда екі көлік қағып кеткен әйел ауыр халде ауруханаға жатқызылды.

Жол-көлік оқиғасы Рысқұлбеков көшесі бойында Сүлейменов көшесіне жетпей болған. Hyundai Accent көлігінен шыққан әйелді Mazda қағып кетеді, деп хабарлайды Sputniknews.kz.

Қатты соққыдан ол қарама-қарсы қозғалыс жолағына ұшып түсіпті. Сол сәтте келе жатқан Toyota land Сruiser Prado тоқтап үлгермей, әйелдің аяғын басып кеткен.

Зардап шегуші ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

Хабар 24 телеарнасы