Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 144
382,75 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкенттегі жарылыс салдарынан бір адам жансақтау бөлімінде жатыр

  • 238
  • UPD: 20:10, 07.06.2019

Шымкентте газ құю бекетіндегі өрт кезінде зардап шеккен азаматтың жағдайы аса ауыр.

Бұл жөнінде облыстық аурухана дәрігерлері хабарлады. 20 жастағы жігіт қазір жансақтау бөлімінде жатыр. 

Естеріңізге салайық, бүгін түс әлетінде Шымкент қаласының Жібек жолы көшесіндегі газ құю бекеттерінің бірінде қазандықтың түбінде қалған сұйықтық өртенді. Әйтеуір өрт сөндірушілер ширақ қимылдап, үлкен қауіптің алдын алды. Полиция осы оғиға бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір материалдық шығын көлемі анықталып жатыр. 

Нұрболат Дербісов, қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы:

- Өрткезінде сол жерде 7 текше метрлік 2 автоцистерна жарылды. Сосын 50 текше метрлік 2 автоцистерна, 4 техника жарылды. Өрт сөндіруге Шымкент қаласының ТЖД-нің 90 қызметкері мен 21 техникасы жұмылдырылды.

Мәдина Ермаханбетова, Т.Орынбаев атындағы гипербарикалық оксигенация орталығының бас дәрігері:

- Келген кезде науқастың жағдайының өте ауыр болуына байланысты дәрігерлер консилиумы шақырылып, науқас жансақтау бөліміне жатқызылды. Қазіргі таңда науқас ем қабылдап жатыр. Оған қажетті дәрі-дәрмекпен 100 пайыз жабдықталғанбыз.

Хабар 24 телеарнасы