384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкенттегі жарылысқа байланысты қылмыстық іс қозғалды

  • 1440
  • UPD: 23:26, 07.06.2019

Шымкент қаласындағы Тассай шағын ауданында болған жарылысқа байланысты Қылмыстық кодекстің 292-бабының 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды «Хабар 24»

Естеріңізге салайық, бүгін таңертең сағат 11:00 шамасында Жібек жолы даңғылының бойындағы «МУРАЗ» компаниясының авто-газ құю бекетінде жарылыс болып, салдарынан зардап шеккен бір адам ауруханаға жеткізілген. Қызыл жалын 12-ден 21 минут өткенде ауыздықталып, 12:50-де толық сөндірілді. Осыған дейін Қызылорда ГАЗ ЖШС-нің газ құю бекетінде осындай жағдай тіркелген.

Бұл оқиғалардан кейін «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамы кеңсесіне азаматтардан шағымдар келіп түсе бастады. Компанияның баспасөз қызметі газ құю бекеттері жекеменшік нысан және олардың бізге еш қатысы жоқ деген мазмұнда жауап қайтарды. Жағдайды қазір Төтенше жағдайлар комитеті өз бақылауына алды.

Хабар 24 телеарнасы