382,75 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыста екі инкассаторды өлтіріп 7,5 млн теңгені тонап кеткен

  • 458
  • UPD: 20:56, 08.06.2019
Арыста екі инкассаторды өлтіріп 7,5 млн теңгені тонап кеткен

Түркістан облысының полицейлері инкассаторларды өлтіріп, ақшасын алып кеткен күдіктілерді іздестіріп жатыр.

«7 маусымда кешкі сағат 18:15 шамасында Арыс АПБ кезекші бөлімшесіне пошта бөлімінен Арыс ауданына қарасты ауылдардың біріне қаржы жеткізу үшін шығып кетіп, хабарсыз кеткен екі инкассатор туралы хабарлама келіп түседі. Қызметтік көліктің ішінде зейнетақы мен жәрдемақы төлеуге арналған 7,5 миллион теңгеден астам қаржы болған. Оқиға орнына бірден Арыс АПБ жедел-тергеу тобы жетеді. Анықталғандай, инкассаторлар белгіленген бағыт бойынша ауылдардың біріне кетіп, байланысқа шықпай қалған. Полицейлер ауданнан шығар жерлерді, аймақтарды, көшелер мен қиылыстарға қойылған бейнекамераларды тексеріп, куәгерлерден сұрақ-жауап алып, қажетті шараларды атқарып жатыр» делінген хабарламада.

Инкассаторларды іздеуге Түркістан облысы полиция департаментінің Криминалды полиция басқармасының қызметкерлері мен Арыс АПБ полицейлері жұмылдырылды. Нәтижесінде жедел уәкілдер Арыс қаласынан 5 шақырым жерден иесіз көлікті, ал аудан орталығынан 35 шақырым жерден оқ жарақатымен инкассаторлардың мәйітін тапты.

Қазіргі таңда аталған жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабымен, яғни  99-бабы «Адам өлтiру» және 192-бабы «Қарақшылық» бойынша іс қозғалды. Полицейлер ауыр қылмысты жасаған күдіктілердің тұлғасын анықтау және оларды құрықтауға бағытталған кешенді жедел іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.

inform.kz

Хабар 24 телеарнасы