382,75 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында шетел азаматтары жол апатынан зардап шекті

  • 120
  • UPD: 12:19, 11.06.2019
Қостанай облысында шетел азаматтары жол апатынан зардап шекті NewTimes.kz

Қостанай облысында жол апаты салдарынан шетел азаматтарына медициналық жәрдем көрсетілді.

Зардап шеккендер Қарабалық аудандық ауруханасына жеткізілді. Төрт адамнан құралған ресейлік отбасы кеуде және бет терісінен жарақат алды. Оларға амбулаторлық көмек көрсетілді. 1981 жылы туған Қырғызстан азаматы бұғанасын зақымдап алды. Жол апаты Алматы – Екатеринбург тас жолының 390-шы шақырымында тіркелді. Toyota Estima шағын автобусы Toyota Corolla жеңіл көлігімен соқтығысқан. Оқиға орнына облыстық ТЖД және полицияның 11 қызметкері, 7 техника жұмылдырылды.

Авторы: Данияр Сұлтанұлы

Хабар 24 телеарнасы