384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда 7 жасар бала ойын алаңында көз жұмды

  • 182
  • UPD: 23:24, 11.06.2019
Қарағандыда 7 жасар бала ойын алаңында көз жұмды

Қарағандыда ойын алаңында 7 жасар баланың қайтыс болуына қатысты тергеу жұмыстары басталды.

11 маусымда Қарағанды қаласындағы сауда үйлерінің біріндегі ойын алаңында 7 жасар бала әткеншектен құлап, көз жұмды.

«Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 306-бабы 3-бөлімі «адам өліміне әкеп соқтырған қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету» бойынша қылмыстық іс тіркелді»,- деп түсініктеме берді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі. 

Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалды. Аталмыш нысанды пайдалану жөніндегі құжаттама алынуда.

Хабар 24 телеарнасы