383,43 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Зайсанда метаннан уланған үш адамның біреуі қайтыс болды

  • 147
  • UPD: 23:47, 12.06.2019
Зайсанда метаннан уланған үш адамның біреуі қайтыс болды

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының орталығы Зайсан қаласында 3 азамат метаннан уланған.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті таратқан ақпаратқа сай, коммуналдық кәсіпорын жұмысшылары кәріз құдығының ішінде 2 метр тереңдікте жұмыс істеп жатқан. Оқиға орнында 45 жастағы слесарь көз жұмып, 32 және 38 жастағы тағы екі жұмысшыға медициналық көмек көрсетілді. Көп ұзамай біреуі үйіне жіберіліп, екіншісі ауруханаға жатқызылды. Оларды құдықтан алып шыққан құтқарушылардың айтуынша, жұмысшылар арнайы сақтандыру құралынсыз жұмыс істеген.

Авторы: Эльмира Ахметова

Хабар 24 телеарнасы