379,60 431.00 6.04
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайдан көрші елге мүйіз алып өтпек болған ресейліктер ұсталды

  • 155
  • UPD: 14:00, 13.06.2019

Қостанайдың шекарашылары ресейге мүйіз  алып өтпек  болған азаматтарды ұстады.

«Аят авто» өткізу қосында Қостанайдың шекара жасағы 40 жастағы ер адамды ұстады. Мәскеуге өз көлігімен жол тартқан оның көлігінен арқардың екі мүйізі табылды. Ресейлік жолаушы мүйіз  мемлекеттік шекара арқылы өткізуге  тыйым салынған тауарлар тізіміне  енетінін қаперіне алмаса керек. Ал араға жарты сағат салып,  «Желқуар авто» бөлімшесінің шекарашылары 46 жастағы ресей азаматын ұстаған. Ол шекарадан   бұлан мен маралдың мүйізін алып өтпек болған. Ұсталғандар Таран және Жітіқара аудандарының полиция бөліміне жіберілді.

Петропавлда автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті. Атырауда құтқарушылар бес адамды өрттен аман алып қалды. Қостанай шекарашылары тыйым салынған тауарды   өткізбек болған ресей азаматтарын ұстады. Ал, Ақтөбеде жыл басынан бері 800 шетел азаматы әкімшілік жауапқа тартылған. Осы және өзгеде ақпараттар оқыс оқиға айдарында.

Жол апаты таңғы сағат 7-лер  шамасында болған. Соның салдарынан 41 жастағы әйел дене жарақаттарын алып, ауруханаға жеткізілді. Қазір оқиға  байланысты сотқа дейінгі тергеу  амалдары басталды. Бірқатар сараптама тағайындалған. Оқыс оқиға көше камерасына түсіп қалған екен. Бейнежазбаның көмегімен  жол  апатының себептері  анықталады.

Атырауда бүтіндей бір отбасы өртеніп кете жаздады. Құтқарушылар  қызыл жалыннан   5 адамды алып шықты. ТЖД  баспасөз қызметі хабарлағандай өрт алты қабатты үйдің 3-қабатынан шыққан. Балконда  тұтанған өрттен пластик есіктер мен  терезелер жанған. Әп сәтте қара қою түтін баспалдақ алаңдарынан өтіп пәтерлерге ауысады. Пластик терезелердің түтініне  тұншыққан бес адамның екеуі бала екен. Өрт шыққан үйге келген құтқарушылар адамдарды қауіпсіз жерге шығарып, үйдің алдында күтіп тұрған дәрігерлердің қолына табыс етті.

Павлодар облысының құқық қорғаушылары  «Сүйрік» балығын аулаған браконьерлерді ұстады. «Нерест» рейдтік іс-шаралар барысында Ертіс өзенінің бойында  балық аулаған 1979 және 1967 жылы туған екі  азамат назарға іліккен. Олардың біреуі бұрын істі болған, еш жерде жұмыс істемейтін Павлодар тұрғыны екен. Екіншісі Ынталы ауылынан. Олар  «Сүйрік» тұқымдас балығын резеңке қайықпен  аулаған. Полиция қызметкерлері  балық аулау ережесінің  өрескел бұзылғанын анықтады.

Жыл басынан бергі бес айда Ақтөбе облысында 800-ден аса шетел азаматы әкімшілік жауапқа тартылды. Ұрлық–қарлық жасағандары да бар. Жалпы, есепті кезеңде өңірге алыс-жақын елдерден 17 мыңнан аса адам келген. Басым бөлігі ТМД азаматтары. Негізінен, маусымдық жұмыс іздеп ат басын тіреген түрлі саланың мамандары дейді – полиция департаментінің өкілдері. Алайда еліміздің заң талаптарын бұзғандары тәртіп сақшыларының назарына іліккен.

Ерболат Сарқұлов, облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі:

- 860 шетелдік азамат Ақтөбе облысында әкімшілік құқық бұзушылық жасаған. Сонымен қатар 25 шетел азаматы Ақтөбе облысында қылмыс жасаған. Оның ішінде РФ мен Өзбекстан азаматтары. Қылмыстың басты бөлігі ұрлық пен бұзақылық жасағандар болып табылады.

Хабар 24 телеарнасы