389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында тағы бір жасөспірім суға батып кетті

  • 329
  • UPD: 11:08, 13.06.2019
Қостанай облысында тағы бір жасөспірім суға батып кетті inform.kz

Қостанай облысында шомылу маусымы келеңсіз жағдаймен басталды.

Облыста екі күнде екі жасөспірім суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қостанай облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқыс оқиға кеше кешкісін Қостанай ауданында болды.

«Алтынсарин кентінің шетінде, Тобыл өзенінен Солтүстік өңірлік аэромобильдік жедел құтқару жасағы 2003 жылы туған жасөспірімнің денесін шығарып алды. Ол шомылуға арналмаған жерде суға түсіп жатқанда батып кеткен», - деп мәлімдеді ведомство.

Анықталуынша, жасөспірімнің суға батудан қорғанатын құралдары да болмаған.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Қостанай облысының Әулиекөл ауданында 15 жастағы жеткіншек суға батып кеткенін хабарлаған едік.

Хабар 24 телеарнасы