379,60 431.00 6.04
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда жолаушылар автобусы өртенді

  • 383
  • UPD: 12:05, 13.06.2019
Ақтауда жолаушылар автобусы өртенді иллюстративті фото

Ақтауда жолаушылар автобусы өртке оранды.

ПАЗ маркалы жолаушылар көлігі 16-шағынауданда жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Зардап шеккендер жоқ. Көлікте тек жүргізуші ғана болған. Ол өрт басталмай тұрып автобустан түсіп үлгерген. Өрт сөндіруге екі техника мен 8 адам жұмылдырылды.

Жалпы, қалада жыл басталғалы бері 40 өрт оқиғасы тіркеліп отыр. Оның 15-і - тұрғын үйде, 11-і - автокөлікте, қалғандары түрлі жағдайларда орын алған.

«Өрттің тұтану себебі анықталды. Сараптама жұмыстарының нұсқауы бойынша, оған электр сымының қысқаша тұйықталуы себеп болған. Оны көлік иесі де растап отыр. Көлік жүріп келе жатқанда сым ұшқындаған, соның арты өртке ұласқан»,-дейді Ақтау қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері Жасұлан Айнабек.

Хабар 24 телеарнасы