378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында мопед жүргізушісі мас күйінде 10 жастағы баланы қағып кетті

  • 151
  • UPD: 13:45, 13.06.2019
Павлодар облысында мопед жүргізушісі мас күйінде 10 жастағы баланы қағып кетті

Бала Ақсу орталық ауруханасының травмпунктіне жеткізілді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы аймақтық полиция басқармасынан хабарлады.

«32 жастағы мопед жүргізушісі 10 жастағы велосипедшімен соқтығысқан. Ер адам ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (көлік құралын алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде басқару) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - дейді департаментте.

Денсаулық сақтау басқармасының ақпараты бойынша зардап шеккен бала тізе буыны соғылып, сол жақ білезігінің сынуы диагнозымен Ақсу орталық ауруханасының травмпунктіне жеткізілді.

Хабар 24 телеарнасы