387,14 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда мас ер адам балаларды тапаншамен қорқытты

  • 560
  • UPD: 14:52, 13.06.2019
Нұр-Сұлтанда мас ер адам балаларды тапаншамен қорқытты zakon.kz

Сол маңайда жүрген полиция қызметкері оның жолын кесті.

Нұр-Сұлтанда тапаншамен қаруланған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Куәгерлердің хабарлауынша, оқиға 12 маусым күні сағат 20:00 шамасында Уәлиханов көшесінде орналасқан үйдің ауласында болған. Куәгерлер, балаларға толы аулаға қолында тапаншасы бар ер адам кіріп кеп, қаруын оларға қарата сілтей бастағанын айтып отыр.

Сол маңайда жүрген полиция қызметкері оның жолын кесті. Куәгерлер мен балалардың ата-аналары полиция қызметкері Руслан Шмидтке алғыстарын білдірді.

«12 маусым күні сағат 20:00-де астаналық полиция қызметкерлері Уәлиханов көшесінде кәмелетке толмаған балаларды тапаншамен қорқытқан 51 жастағы қала тұрғынын құрықтады. Аула арасында қызметтік міндетін атқарып жүрген полицейге кәмелетке толмаған екі бала жүгіріп келіп, көшеде тапаншамен жүріп, өздерін қорқытқан ер адам туралы айтып береді. Жасөспірімдер көрсеткен орынға патрульдік полиция полкінің полиция қызметкері полиция аға сержанты Руслан Шмидт дереу бет алып, артынша серіктесіне хабарлаған. Руслан Шмидт жағдайды бақылап, оңтайлы сәтті пайдалану барысында ер адамға қарсы жауынгерлік әдістер мен арнайы құралдарды қолдану арқылы оның жолын кесті. Сол сәтте оған көмекке полиция лейтенанты Жандос Өзбек келген. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 287-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Тәркіленген қару пневматты тапанша болып шықты», - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметі.

Медициналық куәландыру ер адамның ішімдікке мас күйде болғанын көрсеткен.

Ал, Полиция департаменті оқиғаны дер кезінде хабарлап, қауіпті адамды тұтқындау кезінде көмек көрсеткен тұрғындарға алғыстарын білдіріп отыр.

Хабар 24 телеарнасы