389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысында киік атқан браконьерлер ұсталды

  • 356
  • UPD: 23:57, 14.06.2019

Ақтөбе облысында киік атуды кәсіп еткендер қолға түсті. Заңсыз аң аулауға шыққандарды Шалқар ауданы аумағын торуылдау кезінде «Охотзоопром» мекемесі инспекторлары тоқтатқан.

Мотоцикл көлігіне мінген күдіктілерден ақбөкеннің кесілген 6 мүйізі мен аңшы мылтығы табылды. Сондай-ақ қызыл кітапқа енген жануардың етін де қанжығаларына байлаған. Табиғат қорғаушылары заттай айғақтарды тәркіледі. Айта кету керек облыс аумағында жыл басынан заңсыз киік атқан 6 дерек тіркелген болатын.

Шоқан Ақылбеков, «Охотзоопром» РМҚК Ақтөбе облыстық филиалы инспекторы:

- Біздің инспекторлар құрамы осы күдіктілерді Шалқар аудандық ішкі істер бөліміне хабарлап, жеткізіп қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы