384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда қонақ үйдегі өрттен жас спортшылар құтқарылды

  • 237
  • UPD: 14:05, 16.06.2019
Атырауда қонақ үйдегі өрттен жас спортшылар құтқарылды

Орал қаласынан жарысқа келген жас спортшылар Атырау қонақ үйінде болған өрттен құтқарылды.

«16 маусым күні сағат 01:19-де Атырау қаласының «101» желісіне Әуезов көшесіндегі «Райхан» қонақ үйі өртеніп жатқаны туралы хабарланған. Өрт ғимараттың астыңғы қабатында орналасқан саунадан шыққан. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар 3 баланы құтқарып, 31 адамды қауіпсіз аймаққа көшірді, олардың 29-ы бала. Құтқарылған және қауіпсіз аймаққа көшірілген балалар Орал қаласынан жарысқа келген» делінген хабарламада. 9 шаршы метр аумақты шарпыған өрт сағат 02:33-те сөндірілді. Оқыc оқиғадан ешкім зардап шекпеді. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Өртті сөндіруге жеке құрамнан 26 адам және Атырау облысы ТЖ департаментінен 5 техника жұмылдырылды.

Хабар 24 телеарнасы