384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-дағы жанармай бекетінде көлік өртенді

  • 399
  • UPD: 12:22, 18.06.2019

Қостанайдағы көлік жөндеу орталығында жарылыс болып, 6 адам зардап шекті.

Осыған ұқсас жағдай Шығыс Қазақстан облысында да қайталанды. Жанармай құйған жүргізушінің көлігі отқа оранды. Ал Ақтөбеде алаяқтықпен айналысқандар ұсталды.

Көлік өртенді

Шығыс Қазақстан облысында автокөлік өртеніп, бір адам зардап шекті. Оқиға Алтай қаласындағы жанармай бекетінде болды. Темір тұлпарына бензин құйған жүргізуші көлігін оталдыра бергенде от шығыпты. Лап ете қалған қызыл жалыннан ол ауыр халде ауруханаға түсті. Денесінің 30 проценттен астамын күйік шалды. Тыныс алу жолдарын да зақымдаған. Науқасқа тиісті ем-дом шаралары көрсетілуде.

Алаяқтар ұсталды

Ақтөбеде алаяқтықпен айналысқан екі адам ұсталды. 39, 40 жастағы күдіктілер қала тұрғындарына мемлекеттік бағдарламамен үй және жер алып беруге уәде беріпті. Ол үшін алдын ала төлем жасатып, қаржыға ие болып отырған. Қазір қос азаматқа қатысты қазір сот алды тергеу амалдары басталды. Олардың 10 млн теңгеден астам қаражатты заңсыз иеленгені анықталып отыр.

Заңсыз ақша алып өтпек болған азамат ұсталды

ҚХР азаматы Қазақстан шекарасынан 10 млн теңгеден асатын  шетел валютасын алып өтпек болған. Декларацияда көрсетілмеген қомақты қаражат тексеріс барысында анықталды. «Қорғас» кеден бекетінде ұсталған 1969 жылғы күдіктіге қатысты әкімшілік іс қозғалды.   

Хабар 24 телеарнасы