383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында аурухананың бас дәрігері парамен ұсталды

  • 201
  • UPD: 13:05, 19.06.2019
Жамбыл облысында аурухананың бас дәрігері парамен ұсталды

Ұлттық бюроның Жамбыл облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Жамбыл облысындағы аудандардың бірінің орталық ауруханасының бас дәрігерін «пара алды» деген күдікпен ұстады.

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

«Ол балаларды тамақтандыру бойынша мемлекеттік сатып алу келісімі негізінде атқарылған жұмыстардың құжатына қол қою жолымен жеке компанияның өкілінен 800 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді», - делінген агенттіктің хабарламасында. Тергеу жалғасуда. Күдіктінің ісіне қатысты шешімді сот анықтайтын болады.

Хабар 24 телеарнасы