384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кәсіпкерден 27 млн теңге мен «Гелендваген» тартып алмақ болған топ ұсталды

  • 433
  • UPD: 13:32, 19.06.2019
Кәсіпкерден 27 млн теңге мен «Гелендваген» тартып алмақ болған топ ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 17 маусымда қылмыстық топтың Нұр-Сұлтан қаласында тұратын М. деген кәсіпкерден 27 миллион теңге, Бурабай кентіндегі аумағы 10 сотық жер телімін және «Mercedes Gelandewagen» маркалы автомашинасын қорқытып, алмақшы болған заңға қайшы әрекетінің жолын кесті.

Қылмыс жасау кезінде қылмыстық топ мүшелері суық қаруды және сырт кескіні жауынгерлікке ұқсас атыс қаруының муляжын қолданып, М-ның және оның отбасы мүшелерінің өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген.

Хабар 24 телеарнасы