384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда саябақтағы шолу дөңгелегінен ондаған адам құтқарылды

  • 547
  • UPD: 23:52, 19.06.2019

Оқыс оқиға жергілікті уақытпен 21:00 шамасында тіркелді.

Тоқтап қалған шолу дөңгелегінде ересектермен қатар балалар да болған. Саябақ әкімшілігінің шақыртуы бойынша жедел келіп жеткен құтқарушылар арнайы техниканың көмегімен адамдарды жерге түсіруге кірісті.

Айта кету керек, қаладағы әзірге бірден-бір саналатын бұл аттракционның әбден тозығы жетіп тұр. Дегенмен әлі де жұмысын тоқтата қойған жоқ. 

Дайындаған: Талғат Серікқалиұлы

Хабар 24 телеарнасы