389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында 12 жастағы баланың үстіне бетон құлап кетті

  • 361
  • UPD: 22:09, 21.06.2019

Қарағанды облысының Долинка елді мекенінде 12 жастағы баланың үстіне бетон құлап, мерт болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жантүршігерлік оқиға кеше түс мезгілінде орын алған. Петр Яцинтюк жекеменшік нысанның қоршауы маңында достарымен ойнап жүрген. Бетон құлаған сәтте қасындағы екі серігі қашып үлгеріпті. Көмек сұрап, жанұшырған балаларды сол жердегі құрылыста жүрген жұмысшы көрген, қол ұшын созған. Алайда балақай тіл тартпастан көз жұмды. Куәгердің айтуынша, кезінде бұл аумақта мал шаруашылығы болыпты. Ескі қоршаулар содан қалған. Петр осы Долинка елді мекеніндегі №4 орта мектепте оқыған. Биыл жетінші сыныпқа көшіпті. 

Владимир Чекуров, куәгер:

– Құрылыс басында жүріп балалардың дауысын естідім. Терезеден қарасам, қоршау бетоны құлап жатыр. Жанында екі жеткіншек жүр. Шығып,ұрыспақ болдым. Ал олар маған бетон астында достары қалғанын айтып, көмек сұрады. Бірақ баланы құтқарып қалу мүмкін болмады.

Хабар 24 телеарнасы