389,96 432,20 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте АШМ ветеринарлық қызметінің өкілі пара алып ұсталды

  • 381
  • UPD: 12:02, 22.06.2019
Шымкентте АШМ ветеринарлық қызметінің өкілі пара алып ұсталды

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясының басшысының міндетін атқарушы пара алғаны үшін ұсталды.

Шымкент қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі «Шымкент қаласының ветеринариялық қызметі» МҚК ветеринариялық дәрігері арқылы ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің қалалық аумақтық инспекциясы басшысының міндетін атқарушы пара алу фактісін анықтады. Олар алты ветеринарлық сертификат бергені үшін жеке компания директорынан 120 мың теңге пара алды деп күдікке ініп отыр. Кінәсін толық мойындауға байланысты күдіктілерге қатысты  процессуалдық ұстау қолданылған жоқ. Тергеу жалғасуда. Аталмыш іс бойынша күдіктілерге қатысты түпкілікті шешімді сот шығарады.

inform.kz

Хабар 24 телеарнасы