389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысында жол апатынан үш адам қаза тапты

  • 479
  • UPD: 14:47, 23.06.2019
Атырау облысында жол апатынан үш адам қаза тапты unn.com.ua

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәлімдеуінше, 22 маусым күні Индер ауданында болған жол апатынан қаза тауып, зардап шеккендердің жалпы саны - 8.

Бұған дейін үш адам қаза тауып, төрт жолаушы жарақат алғаны айтылған. 

«Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы жіберілді. Оқиға орнында екі адам қаза тапқан, Индербордағы аудандық ауруханаға барар жолда тағы бірі қайтыс болды. Ауруханаға зардап шеккен 5 адам жеткізілді. Ауданға хирург пен реаниматолог жіберілді», - деп мәлімдеді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. Еске сала кетейік, қайғылы оқиға Индер ауданының Индербор ауылында болды. «Тойота» және «Лексус» автокөліктері соқтығысып, үш адам оқиға орнында мерт болды, ал төртеуі түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Аймақтық полиция демпартаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы негізінде ҚР ҚК 345-бабы, 3-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәлімдеуінше, мамандар зардап шеккендерді санитарлық авиациямен Атырауға жеткізу туралы шешім қабылдаған.

Ақпарат көзі: inform.kz

Хабар 24 телеарнасы