23 маусымға қараған таңда Өзбекстанның Сырдария облысындағы Ташкент-Термез тас жолында жеңіл көлік және КамАЗ көлігінің қатысуымен жол апаты болды.
«Апат салдарынан 7 адам зардап шекті, оның алтауы Қазақстан азаматы. Қазақстан Республикасының бір азаматы оқиға орнында мерт болды. Зардап шеккендердің арасында 2008 және 2010 жылы туған екі бала бар» делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, Қазақстанның елшісі бұл мәселені бақылауға алды. Қазақстандық дипломаттар ҚР азаматтарына тиісті көмек көрсету үшін оқиға орнына жеткен. Қазақстан және Өзбекстан Денсаулық сақтау министрліктері қажетті медициналық көмек көрсету үшін тікелей байланыс орнатқан. Өзбек тарапы зардап шеккендерге операция жасау үшін Ташкенттен медицина мамандарын жіберді.