384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таразда әйел адам үстіне қабырғаның құлауынан қайтыс болды

  • 173
  • UPD: 21:58, 23.06.2019
Таразда әйел адам үстіне қабырғаның құлауынан қайтыс болды

Тараздағы Жамбыл алаңында бұрынғы «Шахристан» базарының қабырғасы құлап, сол жерден өтіп бара жатқан әйелді басып қалды.

Айта кетейік, «Көне Тараз» тарихи-археологиялық паркінің жанында орналасқан «Шахристан» базары қайта жаңғыртуға байланысты жабылған болатын. Жоспар бойынша бұрынғы базар «Шахристан» атты тарихи-музей кешеніне айналуы тиіс болатын. Биыл  базардың ғимаратын сүру және кешенді салу жұмысы басталған болатын. Қайғылы оқиға бүгін базар аумағына кіретін маңда қоқыс тазалау кезінде болған. Сол жерден жолай өтіп бара жатқан әйел құлаған қабырғаның астында қалып қойған. 

«Қоқысты тиеп жатқанда инертті материалдың салмағынан қабырға қираған. Айта кетейік, бұрынғы базардың қоршау қабырғалары сапалы кірпіштен жасалған, сондықтан бұзылмай, құрылыс жүріп жатқанда аумақты көзден тасалап тұратын қоршау ретінде қалдырылған еді. Құрылыс аяқталған соң оны сүріп тастау жоспарланған. Қазіргі таңда марқұмның туыстарына қажетті көмек көрсетілді. Құқық қорғау органдары аталмыш жайт негізінде қылмыстық іс қозғады, тергеу жүріп жатыр. Тергеу нәтижесі шыққан соң кінәлі азаматтарға тиісті шара қолданылады», - деп мәлім етті қала әкімдігінен.

inform.kz

Хабар 24 телеарнасы