389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыстағы жарылыс: оқиға орнынан тікелей қосылым

  • 3624
  • UPD: 13:52, 24.06.2019

Арыстағы жағдайдың мән-жайын егжей-тегжей білу үшін біздің түсірілім тобы оқиға орнына аттанды.

Айтып өткеніміздей, қала тұрғындары қазір жаппай Шымкентке аттанып жатыр.

Оқиға оқ-дәрілер сақталатын қоймада болған. Мән-жайды Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов бізге телефон арқылы баяндады. «Оқиға орнына Түркістан облысы ТЖД жеке құрамының 30 адамы мен 8 дана техникасы тартылды», – деп хабарлады ІІМ ТЖК өкілі.

Осыдан соң Қазақстан президенті жауапты мекемелерге Арыс қаласында болған жарылысқа байланысты тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды.

Қазіргі уақытта шаһар тұрғындары эвакуацияланып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы