389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қорғаныс министрі Арысқа аттанды

  • 2951
  • UPD: 13:51, 24.06.2019
Қорғаныс министрі Арысқа аттанды Vlast.kz

ҚР қорғаныс министрі генерал-майор Н.Ермекбаев оқиғаның мән-жайын анықтап, шаралар қабылдау үшін оқиға орнына ұшты, деп хабарлайды ҚР ҚМ баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, оқиға оқ-дәрілер сақталатын қоймада болған. Мән-жайды Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов бізге телефон арқылы баяндады. «Оқиға орнына Түркістан облысы ТЖД жеке құрамының 30 адамы мен 8 дана техникасы тартылды», – деп хабарлады ІІМ ТЖК өкілі.

Осыдан соң Қазақстан президенті жауапты мекемелерге Арыс қаласында болған жарылысқа байланысты тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды.

Қазіргі уақытта шаһар тұрғындары эвакуацияланып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы