384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыстағы жарылыс: 34 адам медиктердің көмегіне жүгінген

  • 571
  • UPD: 13:50, 24.06.2019

Арыс қаласында болған жарылыс салдарынан 34 адам медицина қызметкерлерінің көмегіне жүгінген.

Бұл туралы Тengrinews.kz Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасай отырып хабарлайды. «Ордасы ауданындағы орталық ауруханаға 34 адам көмек сұрап келген. Олардың барлығы тексеруден өтті», – делінген ведомствоның хабарламасында. Зардап шеккендердің қандай жарақат алғандығы жайлы анықталуда.

Оқиға оқ-дәрілер сақталатын қоймада болған. Мән-жайды Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов бізге телефон арқылы баяндады. «Оқиға орнына Түркістан облысы ТЖД жеке құрамының 30 адамы мен 8 дана техникасы тартылды», – деп хабарлады ІІМ ТЖК өкілі.

Осыдан соң Қазақстан президенті жауапты мекемелерге Арыс қаласында болған жарылысқа байланысты тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды.

Қазіргі уақытта шаһар тұрғындары эвакуацияланып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы