384,36 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әкімдік Арыстағы жарылыс жайлы: Бөген су қоймасынан келетін қауіп жоқ

  • 1445
  • UPD: 15:27, 24.06.2019
Әкімдік Арыстағы жарылыс жайлы: Бөген су қоймасынан келетін қауіп жоқ shymkenttv.kz

Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеев Арыстағы әскери бөлімшеде болған жарылысқа байланысты оқиға орнына барды.

Қазіргі таңда арнайы штаб құрылып, әскерилер мен құқық қорғау органдары ТЖ аймағына келіп жетті, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, тұрғындар

1.Ақдала бұрылысы

  1. 41 разъезд
  2. Водозобор бағытында лагерьлерге орналастырылады.

Аталған үш бағыт бойынша әскери көліктер, камаздар мен арнайы жасақ жұмылдырылуда.

Лагерь басында тұрғындарды аудан әкімдері қарсы алып, жайғастырады.

Әлеуметтік нысандарды (аурухана, балалар) полиция қызметкерлері көшіруде.

Қазіргі таңда көптеп тарап жатқан «Бөген» су қоймасынан келетін қауіп туралы ақпараттың жалған екенін мәлімдейміз.

Сондай-ақ Отырар мен Ордабасы аудандарында 100 орындық екі госпиталь ашылды. Қосымша 30 жедел медициналық көлігі жұмыс істеуде.

Оқиға оқ-дәрілер сақталатын қоймада болған. Мән-жайды Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов баяндады. «Оқиға орнына Түркістан облысы ТЖД жеке құрамының 30 адамы мен 8 дана техникасы тартылды», – деп хабарлады ІІМ ТЖК өкілі.

Осыдан соң Қазақстан президенті жауапты мекемелерге Арыс қаласында болған жарылысқа байланысты тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды.

Қазіргі уақытта шаһар тұрғындары эвакуацияланып жатыр.

Арыс қаласында болған жарылыс салдарынан 34 адам медицина қызметкерлерінің көмегіне жүгінген.

Хабар 24 телеарнасы