383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыстағы жарылыстан зардап шеккендерге көмек көрсетіледі

  • 212
  • UPD: 15:38, 24.06.2019

Түркістан облысы Арыс қаласы маңындағы қару-жарақ қоймасында болған жарылыстан зардап шеккендерге көмек көрсетіледі.

Қазір оқыс оқиғаның себеп-салдары анықталып жатыр. Оқиға орнына Қорғаныс министрлігінің арнайы құрылған комиссиясы мен Қарулы күштердің жеке құрамы жөнелтілді. Қазір төтенше жағдайдың салдарын жою жұмыстары жүріп жатыр.

Бақыт Құрманбаев, ҚР қорғаныс вице-министрі:

– Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда. Қорғаныс министрлігі басшылығы атынан оқиға орнына арнайы құрылған комиссия жіберілді. Қарулы күштердің жеке құрамымен оқиғаның салдарын жою іс-шаралары ұйымдастырылды.  Жергілікті халықтан үрейге бой алдырмай, ұйымдасқан түрде адамдарды көшіретін жерлерге баруларыңызды сұраймыз.

Хабар 24 телеарнасы