389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында 200 бас ірі қараның неден уланғаны анықталып жатыр

  • 263
  • UPD: 08:45, 25.06.2019

Павлодар облысындағы Ертіс ауданына қарасты Голубовка ауылында бір табын сиыр ауруға шалдықты.

Деректер расталған соң ауыл шаруашылығы басқармасы мен ветеринария инспекцияның бір топ маманы оқиға орнына жетті. Алдын ала болжам бойынша ірі қара мал белгісіз химиялық заттан уланған. Қазіргі уақытта мамандар мал жайылған жердің топырағы, суы мен өсімдіктерінен сынама алды. Зертханалық сараптамалардың нәтижесі алдағы 3-4 күнде жарияланбақ. Мамандар мәлімдеуінше, WhatsApp желісі арқылы үй жануарларының өлімі туралы тарап кеткен хабарламалар шындыққа жанаспайды. Олар бүгінде шамамен 200 сиыр уланып, ауруға шалдыққанын хабарлап отыр. Бірақ малдың арам өлімі тіркелген жоқ.

Рашид Нұрбеков, ҚР АШМ ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті аумақтық инспекциясының басшысы:

- Ірі қара мал жайылымнан келген соң ауырып қалған. Ең бастысы, жануарлардың дене қызуы көтерілген жоқ. Яғни инфекция жоқ деген сөз. Бүгінде малдардың жағдайы қанағаттанарлық, симптоматикалық емдеу шаралары қолға алынды.

Ирина Сорокина, облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері:

-  Адамдар арасындағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Малдан улану деректері тіркелген жоқ. Сондықтан алаңдауға негіз жоқ.

Хабар 24 телеарнасы