389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыстағы жарылыс салдарынан тағы бір адам қайтыс болды – А.Мамин

  • 571
  • UPD: 12:14, 25.06.2019

Дәл осы сағатта үкімет отырысы өтіп жатыр. Алқалы жиында премьер министр Асқар Мамин Арыстағы апатқа байланысты министр əкімдерге нақты тапсырма берді.

Арыстағы жарылыс салдарынан тағы бір адам қаза болды. Бұл туралы Премьер-Министр Асқар Мамин мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оқиға орнында болып, төтенше жағдай бойынша нақты тапсырмалар берді. Барлық тиісті шаралар ұйымдастырылуда. Арыс қаласының тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді. Өкінішке орай, екі адам - азаматтық тұлға және әскери қызметкер қаза тапты. Осы орайда олардың туған-туыстарына көңіл айтамыз. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілуде», - деді Асқар Мамин бүгін өтіп жатқан Үкімет отырысында.

Еске сала кетсек, Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында кеше таңертең жарылыс болғандығы туралы хабарлаған болатынбыз. Апат салдарынан бір адам мерт болды. Түркістан облысына арнайы барған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арыстағы әскери бөлімшедегі оқ-дәрі қоймасындағы жарылыстан зардап шеккен қала тұрғындарымен кездесіп, қаланың қалпына келтірілетініне уәде берді.

Хабар 24 телеарнасы