384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыстағы жарылыс кезінде адасып қалған баланың барлығы ата-анасына тапсырылды – ҚР ІІМ

  • 249
  • UPD: 10:40, 25.06.2019
Арыстағы жарылыс кезінде адасып қалған баланың барлығы ата-анасына тапсырылды – ҚР ІІМ

Арыстағы жарылыс кезінде адасып қалған балалардың барлығы ата-аналарына тапсырылды.

«Балаларға қатысты айтарым, Арыс қаласында жарылыс кезінде барлық балабақшалардан сәбилер эвакуацияланған болатын. Туған-туыстарында, таныстарында болған немесе адасып қалған балалардың барлығы табылып, ата-аналарына тапсырылды. Арыз-шағым жоқ», - деді Ержан Тұрғымбаев Үкімет отырысында.

Еске сала кетсек, 24 маусымда Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында жарылыс болды. Апат салдарынан екі адам мерт болды. Түркістан облысына арнайы барған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арыстағы әскери бөлімшедегі оқдәрі қоймасындағы жарылыстан зардап шеккен қала тұрғындарымен кездесіп, қаланың қалпына келтірілетініне уәде берді.

Хабар 24 телеарнасы