389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде автобус пен жүк көлігі соқтығысты

  • 396
Ақтөбеде автобус пен жүк көлігі соқтығысты

Ақтөбеде жүк көлігі мен жолаушылар автобусы соқтығысып, бір азамат көз жұмды.

Қалаішілік нөмірі 29-бағыттағы қоғамдық көлік пен камаз автокөлігі Қызылжар ауылы тұсында соқтығысқан. Жол көлік апаты салдарынан 13 жолаушы дәрігерлердің көмегіне жүгінді. Олардың 4-і – кәмелет жасына жетпеген балалар. Полиция департаментінің хабарлауынша, оқиғаның мән-жайын тергеу амалдары анықтайтын болады. Зардап шеккендердің басым бөлігі облыстық жедел жәрдем ауруханасына жеткізілген. 7 азамат амбулаториялық ем алып, үйлеріне қайтарылса, тағы екеуі қазір осы медицина мекемесінде.

Жақия Байзуллин, облыстық жедел медициналдық жәрдем ауруханасының бөлімше меңгерушісі:

- Зардап шеккен азаматтардың біреуі поли-жарақаттар бөлімшесінде. Бас сүйегі жарылып, миы шайқалған. Қабырғалары сынған. Жағдайы тұрақты орташа деңгейде. Екіншісі емделуші хирургия бөлімшесіне орналастырылды. Қазір қосымша тексерулер тағайындалды.

Хабар 24 телеарнасы