389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде бір мезетте 3 адам суға кетті

  • 403
  • UPD: 23:31, 27.06.2019

Төтенше жағдайлар департаментіне оқыс оқиға туралы қоңырау бүгін жергілікті уақытпен таңғы сағат 6:00 шамасында түскен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, 3 жасар бөбегі бар ерлі-зайыпты екі танысымен табиғат аясында болған. Құтқарушалар жеткенде демалысқа шыққан 5 адамның екеуі ғана тірі болып шықты. Олардың автокөлігін «Ақтөбе» су қоймасынан көмекке келген Төтенше жағдайлар департаменті мамандары алып шықты. Сондай-ақ судан 3 жасар бүлдіршіннің және 46 жастағы ересектің денесі табылды. Қазір 35 жастағы азамат іздестірілуде. Қаза болғандар жайғасқан жерде суға түсуге рұқсат жоқ. Оқиғаның мән-жайын тергеу амалдары анықтайтын болады.

Ербол Әділбеков, Ақтөбе қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары:

– Төтенше жағдайлар департаментіне қоңырау сағат 5:48-де түсті. Оқиға «Ақтөбе» су қоймасы бөгетінен шамамен 500 метр жерде болған. Көлік жағаға қарай бағытталып тұрған. Соған қарағанда орнынан қозғалған сәтте жүргізуші басқаруға ие бола алмай, суға түсіп кеткенге ұқсайды.

Хабар 24 телеарнасы