389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Air Astana ұшағы Мәскеуге қонуға мәжбүр болды

  • 263
Air Astana ұшағы Мәскеуге қонуға мәжбүр болды

«Эйр Астана» ұшағы мәскеулік Шереметьево әуежайына мәжбүрлі түрде қонды.

«28 маусымда «Эйр Астана» әуе компаниясының «Лондон-Нұр-Сұлтан» бағыты бойынша КС 942 рейсін орындаған ұшағы екі генератордың бірінің істен шығуы салдарынан жұмыс істемей тұрған ҚКБ (қосалқы күштік бекітпе) жағдайында Мәскеу уақытымен сағат 00:18-де шұғыл түрде қонды», - деп хабарланды компанияның баспасөз қызметінен.

Компаниядан хабарланып отырғандай, ұшақтың қонуы штатты түрде өтті. «Қазіргі уақытта ақауды табу және оны жою бойынша жұмыс жүргізілуде. Ұшақтың ішінде болған 93 жолаушының бәрі де «Мәскеу-Нұр-Сұлтан» қосымша рейсі арқылы Мәскеу уақыты бойынша бүгін сағат 09:50-де ұшып шығады», - делінген әуе компанияның хабарламасында.

inform.kz

Хабар 24 телеарнасы