389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы қаласының судьясы пара алып жатқан жерден ұсталды

  • 428
  • UPD: 16:13, 29.06.2019
Алматы қаласының судьясы пара алып жатқан жерден ұсталды

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті ҚР Жоғарғы сотының ішкі қауіпсіздік бөлімімен бірлесіп, Алматы қаласы судьясының пара алу фактісін анықтады.

«Судья делдал, яғни Алматы қаласы аудандық сот отырысының хатшысы арқылы өз өндірісіндегі азаматтық іс бойынша мәселенің оң шешілуі үшін 3 000 АҚШ доллары мөлшерінде пара алғаны үшін күдікке ілінді. Тергеу амалдары жалғасуда» делінген таратылған мәліметте.

Ұсталған күдіктіге қатысты соңғы үкімді оның кінәлілік дәрежесін анықтай отырып, сот шығарады.

Хабар 24 телеарнасы