389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Теңіз вахталық мекеніндегі жағдай тұрақталды – Атырау облысы әкімдігі

  • 696
  • UPD: 19:56, 29.06.2019

Теңіз вахталық мекеніндегі жұмысшылармен Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары кездесті.

Бұл туралы облыс әкімдігі мәлімдеді.

«Сonsolidated Contracting Engineering and Procurement S.A.L Offshore (CCEP)» жұмысшыларымен кездесу барысында тұрмыстық жанжалдың ушығуына жол бермеу туралы түсіндіру жүргізіліп, сондай-ақ кен орнында жұмысты ұйымдастыру мәселесі талқыланды. Осы мәселелерді пысықтаумен ведомствоаралық комиссия айналысады, оның құрамына меморгандармен қатар компания және ТШО өкілдері кіреді», - делінген Атырау облысы әкімдігі мәліметінде.

Белгілі болғандай, комиссияға облыс әкімінің бірінші орынбасары жетекшілік етеді.

«Кездесу қорытындысы бойынша жұмысшылар өздерінің қызметтеріне кірісті, жағдай тұрақтанды. ТШО медициналық пунктінде 30 адамға көмек көрсетілді. Қазіргі кезде олардың денсаулық жағдайына қатысты ешқандай қауіп жоқ. Қаза болғандар тіркелмеді» деп атап өтілген таратылған хабарламада.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін сағат 11:00 шамасында «Теңіз» вахталық қалашығында (Жылыой ауданы Құлсары қаласынан 120 км, Атырау қаласынан 340 км) «Сonsolidated Contracting Engineering and Procurement S.A.L Offshore (CCEP)» компаниясы жұмысшылары жұмыс учаскесіне жиналып, Ливан азаматы Eli Daoud-тің жақында WhatsApp желісінің профиліне орналастырған фотосуретке наразылықтарын білдіргені мәлім болды.

inform.kz

Хабар 24 телеарнасы