384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында жол апатынан 6 адам қаза тапты

  • 218
  • UPD: 20:34, 29.06.2019
Қарағанды облысында жол апатынан 6 адам қаза тапты

«Қарағанды-Теміртау» тас жолында ірі көлік апаты болып, 6 адам көз жұмды.

Қарағанды облысының қоғамдық денсаулық сақтау департаменті таратқан ақпаратқа сәйкес, апаттан 9 адам жарақат алып, 6 адам оқиға орнында көз жұмған.

«Жедел жәрдем мен апаттық медицина көліктері Мақажанов атындағы облыстық травматология және ортопедия орталығына 3 әйелді ауыр шок жайдайында жеткізген. Апатқа түскен жолаушылардың бәрі түрлі дәрежеде жарақат алған» делінген ресми ақпаратта.

Ауыр жағдайдағы әйелдердің бірі 1999 жылы туған. Оның басы жарақаттанып, бұғанасы сынған. Ал 1991 жылғы әйел де басынан қатты жарақат алған. Шамамен 22 жастағы үшінші әйелдің де басы жарақаттанып, екі аяғына бірнеше жерден ашық және жабық сынық түскен.

«Қазір зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Травматологиялық қызметтің ситуациялық орталығы қосымша дәрігер-хирургтар мен нейрохирургтар шығармақшы», - дейді департаменттің баспасөз қызметі.

inform.kz

Хабар 24 телеарнасы