384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Теңіз вахталық мекенінде адам өлімі болған жоқ – Әкімнің орынбасары

  • 274
  • UPD: 23:42, 29.06.2019

Атыраудағы Теңіз вахталық елді мекеніндегі тұрмыстық жанжалдан соң жұмысшылармен облыс әкімінің бірінші орынбасары кездесіп, жағдаймен танысты.

Онда мәселені ушықтырмау туралы әңгіме өрбіп, кеніштегі жұмыс барысының ұйымдастырылуына қатысты да проблемалар қозғалды. Алдағы уақытта бұл іспен ведомстоаралық комиссия айналысатын болды. Оны облыс әкімінің бірінші орынбасары басқарады. Айта кетейік, бүгінгі жағдайдан соң 30 адамға медициналық көмек көрсетілді. Сондай-ақ бұзақылық бабы бойынша тергеу жұмыстары басталып кетті. Мұнайшыларды шетелдік азаматтың Ватсап желісіне жүктеген әдепсіз суреті ашуландырған. Қазіргі уақытта жағдай тұрақталды.

Хабар 24 телеарнасы