384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да бір адам суға батып кетті

  • 142
  • UPD: 14:24, 01.07.2019

Қарағанды облысында болған жол апатынан 7 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қарағанды-Теміртау тас жолында болған жол апатынан тағы бір адам қайтыс болды. Бас жарақатын алған 1981 жылы туған әйел ауруханада жан тапсырды. «Тағы екі науқастың жағдайы ауыр», – дейді дәрігерлер. Қарағанды бағытында Daewoo көлігі жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, Audi көлігімен соғылған еді. Оқиға орнында бірден 6 адам қаза тапты.

Жеңіл көлік бағанаға соғылды

Қостанай облысы Жетіқара қаласында жеңіл көлік бағанаға соғылып, 4 адам аурухана түсті. Жүргізуші – Әзербайжан азаматы. Дәрігерлердің айтуынша, науқастардың жағдайы өте ауыр. Қазір жол апатына байланысты тергеу амалдары жүріп жатыр.

Жер үй өртенді

Көкшетау қаласында жер үй өртеніп кетті. Тілсіз жауды ауыздықтауға 4 арнайы техника мен 20 адам жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ. Қазір төтенше жағдайдың себеп-салдары анықталып жатыр.

Ер адам суға батып кетті

Солтүстік Қазақстан облысында бір адам суға батып кетті. Қайғылы жағдай Қызылжар ауданы Малое Белое ауылының жанындағы су қоймасында болған. Төтенше жағдайлар қызметкерлерінің айтуынша, ол рұқсат етілмеген жерде шомылған.

Полицейлер баланы құтқарды

Талдықорғандық полицейлер суға батып кете жаздаған баланы құтқарып қалды. 11 жастағы Кириллді анасы дүкенге нан алуға жіберген. Бірақ ол өзенге шомылуға кетіп, сол күйі оралмаған. Баланың киімі көпірден табылды. Ал қатты ағыстан жағаға жете алмаған баланы тәртіп сақшылары алып шықты.

Хабар 24 телеарнасы