389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда жолаушылар автобусы көпірден құлап кетті

  • 289
  • UPD: 11:22, 02.07.2019

Алматыда жолаушылар автобусы жол айрығынан ұшып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алдын ала мәлімет бойынша оның ішінде 3 адам болған. Жол-көлік оқиғасы кеше таңғы сағат 06:00 шамасында Райымбек пен Сайын көшелерінің қиылысындағы жолайырықта болды. Автобус жолайрыққа көтерілген кезде көпірден құлап кеткен. Жол апаты салдарынан бір адам зардап шекті. Түрлі дене жарақатымен №7 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілген азамат медициналық тексеруден кейін үйіне жіберілді. Қазір осы оқиға бойынша тергеу басталды.

Салтанат Әзірбек, қалалық ІІД ресми өкілі:

- Жол-көлік оқиғасы кезінде автокөліктің ішінде 3 адам болған. Бір-бірімен ауысқан екі автокөлік жүргізушісі және бір жолаушы. Жол-көлік оқиғасына қатысқан автобустың жүк салғышы толығымен алма тиеген. Түркістан облысынан алма тиеп алып келе жатқан автобус екен.

Хабар 24 телеарнасы