389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысында екі бірдей бала теңізге батып кетті

  • 580
  • UPD: 14:15, 01.07.2019

17 жастағы жігіт Түпқараған ауданында, ал 14 жастағы оқушы Ақтауда көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қайғылы жағдайдың соңғысы кеше кешкілік жағажайлардың бірінде болған. Суға түсуге бірге барған үш жасөспірім жағадан алысқа жүзіп кетеді. Арада сүт пісірім уақыт өткенде біреуі қайтып келіп, екі баланың суға тұншығып жатқанын айтып, көмек сұраған. Құтқаруға жағалаудағы барлық адам жұмылады. Алайда екі баланың бірін аман алып қала алмады. Екіншісі облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Жалпы, биыл аймақта суға түсу маусымы басталғалы 5 адам қайтыс болған. Оның екеуі бала.

Азамат Сәрсенбаев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:

– Қазір облыстық ауруханаға жеткізілген 11 жастағы баланың денсаулығы орташа бірқалыпты деп бағаланып отыр. Өміріне төнген қауіп сейілді. Бірнеше күннен соң үйіне шығарылады. Екі күн бұрын аурухананың травматология бөліміне суға тұншыққан тағы бір 6 жасар қыз бала жеткізілді. Абырой болғанда, жағалауда жүрген дәрігер дер кезінде медициналық көмек көрсетіп, құтқарып қалды.

Хабар 24 телеарнасы