389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте құтырған ит қыз баланы талаған жер карантинге алынды

  • 352
  • UPD: 21:39, 01.07.2019

Шымкентте «Тоғыс» тұрғын үй массиві карантинге алынды. Өйткені осы жерде 6 жасар қыз баланы құтырған ит талаған.

Оқиға кешкі мезгілде орын алды. Үй ауласында ойнап жүрген бүлдіршінге қаңғыбас ит тап берген. Жамбасы мен аяғына зақым келген перзентін әкесі ауруханаға жеткізген. Оны қапқан ит келесі күні өлі күйде табылды. Зертханалық тексерулер қауіпті індет белгісінің барын анықтап берді. Бұдан кейін осы маңда тұратын тұрғындар жедел тіркеуге алынды. Ауданда қараусыз жүрген ит-мысық атылып, үйде ұсталатындары тексеріліп жатыр. Ал жарақат алған қыз баланы емдеу шаралары аяқталуға жақын. 

Әбдіманап Төлебаев, қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы:

- Барлық ветеринарлық іс-шаралардың барлығы жүргізілді. Карантин қойылды. Үйме-үй аралау, белгісіз иттерді анықтап, солардың көзін құрту шаралары жүргізілді. Мәлімет бойынша 27 қаңғыбас иттің көзі жойылған.

Хабар 24 телеарнасы