384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде 2 жасар бала терезеден құлап кетті

  • 142
  • UPD: 19:22, 01.07.2019
Ақтөбеде 2 жасар бала терезеден құлап кетті

Ақтөбеде екі жасар бала сегізінші қабаттан құлап мерт болды. Оқиға қаланың 12-шағын ауданында болған.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, жеткіншек облыс орталығына ата-анасымен бірге өңірдегі аудандардың бірінен келген. Бұл Ақтөбеде тіркелген алғашқы жағдай. Осыған орай тәртіп сақшылары ересектерден балаларды қараусыз қалдырмауды сұрап отыр.

Ерболат Сарқұлов, облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Полиция департаменті ата-аналарға балалармен сақ болуларын ескертіп, көп қабатты үйлерде тұратын балалардың құламауы үшін арналған құралдарды жабдықтап, орнатуға ұсынады. Жаздың ыстық күндері ашық тұрған терезелер балалар үшін аса қауіпті аумақ болып табылады. Ересектердің қарауынсыз қалған балалар көп жағдайда маскиттік торға сүйеніп, құлап кетіп жатады.

Хабар 24 телеарнасы