389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда полиция қызметкерлерін қаққандар ұсталды

  • 411
  • UPD: 19:04, 03.07.2019

Алматыда екі бірдей полиция қызметкерін қаққан көлік жүргізушілері қолға түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кеше кешке Әл-Фараби даңғылының бойында  жол ережесін өрескел бұзған 3 автокөлік, полиция қызметкерлерінің бұйрығын елемей, қозғалыстарын жалғастыра берген. Артынша, екінші жолпатрульдік полициясы Әл-Фараби-Луганский көшелірінің қиылысынан тосқауыл жасап, тоқтатпақ болғанда екі автокөліктің жүргізушісі екі полиция қызметкерін қаққан. Абырой болғанда, бірі жолдан кетіп үлгерген. Ал, екінші қызметкер аяғынан жарақат алған. Тәртіп сақшылары соған қарамастан, жол ережесін бұзғандардың артынан қуып, Сахариев көшесінде үш көлікті де тоқтатып үлгереді. Көліктерде тойдан қайтып келе жатқан жастар болған.

Салтанат Әзірбек, қалалық ПД ресми өкілі:

- Қылмыстық кодекстің 380-бабының 1-тармағы бойынша кем дегенде 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру мерзімі көзделуде. Сонымен қатар сол үш автокөліктің жүргізушілеріне кем дегенде 4 бұзушылықтары үшін хаттамалар толтырылды. Ең жиі кездесетіндер: мемлекеттік нөмірсіз айдау, өз әйнектерін қараңғылату, сонымен қатар тіпті жол жүру куәлігінің жоқтығы да айқын болды.

Хабар 24 телеарнасы